"Мектепке жол" акциясының қорытындысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектепмектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Tekely district
Information
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша 2023-2024 оқу жылынакөмекке мұқтаж балалар тізімі жасақталды. Тізім мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы, жетім, қамқорлыққа алынған оқушылар қатарынан жасалды.
Маусым-шілде айларында мектебіміздің ұстазы Жумагалиев А.Ж. маусым-шілде айына оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында аз қамтылған, көп балалы,толық емес отбасынан шыққан 2оқушыға “Алтын Шажа” лагеріне жолдама алып берді.
Жаңа оқу жылына жалпыға бірдей білім беру қорынан (ЖБББ) 4 827 473 тг ақша бөлінді. Шілде айында әлеуметтік статусы бар 119оқушыға мектепке қажетті аяқ -киіммен, канцелярлық тауарлармен толықтай қамтамасыз ету үшін бала басына 40 567 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша мектебіміздің демеушілері мен меценаттарынада арнайы хаттар жазылды.
Текелі қаласы “Жетісу шапағаты” қоғамдық қайырымдылық қоры мектебіміздің 6бастауыш сынып оқушыларына канцелярлық тауарлармен көмек көрсетті.
Мектебіміздің 3 сынып ата- аналары 1 оқушының отбасына 34 000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетсе, мектебіміздің 4 сынып ата -анасы Шубина Марина Витальевна сыныбындағы әлеуметтік статусы төмен 2 оқушыны 15000 тг көлемінде мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.Сонымен қатар, “Импульс” дүкені мен Паниш Сабрина мектебіміздің ата -анасы бірлесіп 20000 тг көлемінде 2 оқушыға канцеляриялық тауарлармен қамтамасыз етілді.
Мектеп ұжымы мен ата аналары бірлесіп аз қамтылған отбасынан шыққан 9 сынып оқушысына 30 000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Тамыз айының 5-6күндері аралығында ЖК “Ақ жол” кәсіпкерлігі 1 сынып оқушысы 20 000тг көлемінде мектепке арналған кроссовки мен туфли алып берді. 2 «Ә»сынып ата- анасы Рабигулова Айдана 10000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті.Клиновицкая Шырын 1 «А» сынып ата-анасы 2 оқушыға канцеляриялық тауарлармен (Райманова Рамида) көмек көрсетті.
Қалалық мәдениет үйінің директоры Нестеров К.М. ата - ана қамқорлығынсыз қалған 1 сынып оқушысына 40 000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетсе, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 оқушыны мектеп формасымен толықтай қамтамасыз етті.
Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Жумагалиев А.Ж. - 1 оқушыға канцелярлық тауарлармен 7000 тг көлемінде көмек көрсетті. «Текели-Гранит» 40000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетсе. ЖК “Ахметзянов” мектеп оқушыларына 50 000 тг көлемінде 10 оқушыны сөмкемен қамтамасыз етті.
Ұстаздар ұжымы 57000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті. TasUN компаниясы мектебіміздің 4 оқушысын 100 000 тг көлемінде толықтай мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, канц тауарлармен қамтамасыз етті. Мектебіміздің ұстазы Байдильдаев С.Б. - 40000 тг қаржылай көмек көрсетсе, орталық мешіт 4 бастауыш сынып оқушыларын канцелярлық тауарлар және сөмкемен қамтамасыз етті. «Асау» дүкені 1 баланы толықтай мектеп формасымен қамтамасыз етті.
Board of Trustees төрайымы М.Сіләмқызы мектеп оқушыларына 20000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Бүгінгі күнге 40 оқушыға көмек көрсетілді.
Мектеп директоры Кабдулова А.Ж.