"Менің сүйікті кітабым"
"Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Менің сүйікті кітабым” тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту. Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу. Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.