Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары. » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(72835) 4-41-62
bookkeeping:
+7(72835) 4-41-62
Version for
visually impaired
» » » Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
07
April
2022

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді.
Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

📍Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

📝Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)