Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(72835) 4-41-62
bookkeeping:
+7(72835) 4-41-62
Version for
visually impaired
» » » Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
15
февраль
2023

Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

📝Текелі қаласы "№3 ОМ МДШО" КММ-де 15 ақпан күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа "Текелі қалалық ауруханасы" ШЖҚ МКК СӨС терапевт дәрігері Айқынқызы Г., психотерапевт дәрігері Нүсіпханов М.М. және Текелі ҚПБ КТІЖБ инспекторы полиция Mayоры Ж. Е. Калимолданов қатысты.
Күн тәртібінде: 1. Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту;
2. Білім алушыларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселелері:
3. "Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу;
4. Синтетикалық есірткі және психотроптық заттардың ағзаға әсері.
Мектептің оқу-әдістемесі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Серябрикова Л.М. мен Умирхалыкова Г.А сөз сөйлеп, мектебіздің дарынды оқушыларын, қалалық «Зерде», «Дарын» ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы, адамгершілік-рухани тәрбиелеу барысында мектепшілік іс-шараларға белсене ат салысып жүрген оқушыларды, қалалық өткізілген спорттық сайыстарға, дебат сайысына, «Адал ұрпақ» сайыстарына белсене қатысып жүрген оқушыларды таныстырып, атап көрсетті және ата-анамен бірлесе отырып тәрбиелеу мәселелері қарастырылып, талқыланды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі испектор полиция Mayоры Калимолданов Ж.Е білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу түсіндіріп, атап өтті. СӨС терапевт дәрігері Айқынқызы Г., психотерапевт дәрігері Нүсіпханов М.М. синтетикалық есірткі және психотроптық заттардың ағзаға әсерін түсіндіріп айтып, алдын-алу жолдарын ата-аналармен бірлесе талқылады. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін айтып, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп жиналысты қорытындылап, ата-аналар алғыстарын білдірді.