Памятка для родителей » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Памятка для родителей
25
март
2021

Памятка для родителей

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары" негізінде, осы жылы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Бұл ата-аналарға мектепті анықтауға, қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға және мектепке керекті құрал-жабдықтарын жинауға мүмкіндік береді.
Мектеп басшылығы да сыныптарды алдын-ала жинақтап, оқулықтардың қажетті санын сатып ала алады.
Өтінішті egov.kz. сайтына тіркей аласыз. Тіркелу үшін келесі құжаттар қажет:
- баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 екі фотосурет.
Өтініш берілген соң бес күннің ішінде сіздің «жеке кабинетіңізге» құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және мектепке қабылдау туралы бұйрық келеді.