Мектеп асханасы республикалық акциясы » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Мектеп асханасы республикалық акциясы

«№3 ОМ МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Алматы облыстық білім басқармасының 2020 жылдың 27 қаңтар күнгі хаты негізінде білім беру ұйымдарындағы асхананың ҚР Үкіметінің 2012 ж. 12 наурыздағы №320 бұйрықтың орындалуын қадағалау мақсатында 27.01.-27.02.2020ж. күндері аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып ,жоспар құрылып бекітілді.
Жоспар негізінде төмендегі іс-шаралар өткізілді:
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Умирхалыкова Г.А., педагог-организатор- Нусипханова А.,әлеуметтік педагог-Бекмухнабетова А.Б. ұйымдастыруымен оқушылар және мектеп ұстаздарына мектепішілік жиын болып өтті. Жиында «Мектеп асханасы» республикалық акцияның ашылуын хабарлап, іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
- Жоспарға сәйкес мектеп асханасындағы азық-түліктердің сақталу мерзімі мен жағдайын, перспективтік мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сай болуын бақылау мақсатында бракеражды комиссия мүшелері «Мектеп асханасының» жұмысына зерделеу жүргізді. Тексеру бойынша акт жазылып,ұсыныстар берілді.
- 1-4 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану», «Дәрумендерді пайдаланудың тиімділігі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
- 5-6 сынып оқушыларына «Таңғы астың адам ағзасына пайдасы» тақырыбында медбике Вергунова Л.А. дәріс оқыды. Жеміс – жидектердің пайдасы туралы айтып өтті. Жиынға қатысқан оқушылар өз ойларын білдіріп отыруымен қатар мектеп медбикесіне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды.
- 7 сынып оқушылары «Fast-Food друг или враг» тақырыбында пікірталас өткізілді. Бір топ зиянды жағын айтса екінші топ пайдалы жағына тоқталып өтті.
- Мектеп оқушылары арасында тамақтану сұрақтары бойынша сауалнама жүргізілді. Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы орташа деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді. Айтылған талап - тілектеріне байланысты «Мектеп асханасына» ұсыныс берілді.