8 қаңтар 2021 жылы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестік отырысы болды. » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 қаңтар 2021 жылы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестік отырысы болды.
08
январь
2021

8 қаңтар 2021 жылы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестік отырысы болды.

Күн тәртібінде:
1. ІI-тоқсан қорытындысы (бақылау жұмыстарының қорытындысын талдау.)
2. Саралау тәсілдерімен таныстыру
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 169 бұйрығымен таныстыру
4. Оқушылардың қатысқан олимпияда, зерде жұмыстары үшін сынып жетекшілеріне алғыс білдіру
5. Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
 Жетпісбай Н.Қ 2-4 сыныптар арасындағы II тоқсан қорытындысымен таныс тырды. (сыныптардан алынған жазба жұмыстарының қорытындысын баяндады. Оқу мониторингін ұсынды. Мұғалімдердің жылдық сабақ жоспары, жылдық тәрбие жоспары,оқушылардың тасымалы , мұғалім парфолиосы).
2. Келесі қаралатын мәселе бойынша Санкайбаева А.М өз тәжірибиесімен бөлісті. Саралау әдіс-тәсілдерін толық түсіндіріп өтті.
Саралаудың 7 тәсілінің әрқайсына толық тоқталып өтті.Өз тәжірибиесімен бөлісіп сабақ өту барысында қандай саралау әдісін тиімді пайдаланғаның көрсетіп өтті.
3. Келесі мәселеде ӘБ жетекші Жетпісбай Н.Қ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020ж 30 сәуіріндегі 169 бұйрығымен таныстырып өтті. Бұйрықта мұғалімдердің міндеттірі мен оларға қойылатын тапаптар жайлы айтылғанын әр санаттан өту үшін мұғалімде қандай жетістіктер болуы керектігі туралы айтты.
4. Оқушылардың қатысқан олимпиядалары мен зерде жұмыстарының қорытындысы ретінде Санкайбаева А.М мен Имангалиева М  Жетпісбай Н.Қ
алғыс білдірілді.
Шешім:
1. Барлық оқушылар ІI-тоқсаннан ІІI-тоқсанға өткізілсін.
2.Жеке шығармашылық тақырыптар өткізілсін.
3. Оқушылардың көркем жазуы қатаң қадағалансын.
Әдістемелік бірлестік отырысының жетекшісі Жетпісбай Н.Қ
Әдістемелік бірлестік отырысының хатшысы: Санкайбаева А.М