Республикалық "Мектепке жол" акциясы ақпарат » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық "Мектепке жол" акциясы ақпарат
30
сентябрь
2021

Республикалық "Мектепке жол" акциясы ақпарат

«№3 ОМ МДШО» КММ-сі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша 2020 жылдың 

тамыз-қыркүйек айында атқарылған іс-шараларға ақпарат

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын шілде-қыркүйек айларында ұйымдастырылған болатын, 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес акция жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.Қазақстан Республикасында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 12 жыл бойы өткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларды мектепке дайындау бойынша көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

 «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж  ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды. Аталып өткен  «www.atamekenim.kz» порталында біздің мектебімізде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша көмекке мұқтаж балалар тізімі жасақталды. Тізім мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы, жетім, қамқорлыққа алынған оқушылар қатарынан жасалды. Қайырымдылық акциясы бойынша демеушілер мен меценаттардың мұқтаж балаларға көмектесуі ұйымдастырылып,арнайы хаттар жазылды. Нәтижесінде:  

 «Астана» дүкенінің иесі Сіләмқызы Мағрипа – 3 оқушыны (Сәлімханқызы Нұрсая,Сейітхан Аяжан,Шәріпхан Нұршуақ) 72500 тг көлемінде мектеп формасымен (6 ақ жейде, 3 пар аяқ-киім, 3 юбка,3 желетка) толықтай қамтамасыз етті.  «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Джылкыбаев Нурлан Джавидович – көп балалы отбасынан шыққан 1 оқушыны (Мохначев Дмитрий) оқуға қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етсе, «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан жетім бір оқушыға(Алдышева Виктория) оқуға қажетті құрал жабдықтармен көмек көрсетілді. Мәдениет үйінің директоры Нестеров Константин Николаевич - 32.000 тг көлемінде «Сәтсіз жанұя» есебінде тұрған бір отбасынан  2 оқушыны (Гельманов Наиль, Гельманов Максим)күздік киімдермен(күздік куртка,шапка,кроссовки, жылы жеңсіз куртка, 6 пар носки) қамтамасыз етті.

 Текелі қаласының ҚПБ қызметкерлері 120.000 тг көлемінде жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан – 6 оқушыны (Кучанов Георгий,Сулеймен Мухаммад, Әбдіхалыққызы Айсұлу, Семенова Милана,Серков Никита, Ельцова Ангелина) мектеп формасы,спорттық киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе ЖШС «Текелі кондитер» басшысы Төңкеріс Талғат   10 000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Исабекова Айгуль Турарбековна көп балалы,аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға (Хайбулин Ракиф) оқуға қажетті құрал - жабдықтармен көмек көрсетті.

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына тек қаламыздың ірі кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлері ғана емес, мектебіміздің ұстаздары мен ата-аналарыда белсене атсалысты. Атап айтсақ:

Нұрданбек Жақан 2  «Ә» сынып ата-анасы – 2 «Ә» сынып оқушысы Қанат Сымбатты 20.000 тг көлемінде толықтай мектеп формасымен қамтамасыз етсе, №3 ОМ ұжымы тарапынан оқуға қажетті құрал-жабдықтармен (10 дәптер, сурет салу дәптері,түрлі-түсті қағаздар, 5 қаламсап, 3 карандаш, түрлі-түсті қарандаш,өшіргіш,сызғыш,бояу краскасы, пластелин) көмек көрсетілді. Мектебіміздің ұстаздары Тулегенова А.Ж., Авраменко И.В., Сакен А.М. тарапынан – 5 мектепке киетін жеңсіз көйлекпен оқушыларға көмек көрсетілді. Самедов Лачын, 6 «Б» сынып ата-анасы Потасова Нина Евгеньевна – 10000 тг көлемінде және  4 «Б» сынып ата –анасы Амаев Сергей – 30000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетті. №3 ОМ ұстаздары тарапынан да 41.000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп – 21 оқушы (Амангелді Жанмұхамедәлі, Нұрбек Нұрбақыт, Досай Алтыннұр, Айкежанова Карина, Ермакова Элла, Ерболқызы Перизат, Қожахмет Сабина, Қожахмет Салима, Досай Айнұр, Мухаметов Тимур, Попов Артем, Сибирев Артем, Франк Фаиль, Попов Артем, Миргородский Егор, Мухаметова Султана, Хайбулин Наиль, Раджиев Сахиб, Амантай Гаухар, Серков Александр, Алдышева Виктория)оқуға қажетті құрал-жабдықтармен (әр оқушыға 10 дәптер, сурет салу дәптері,түрлі-түсті қағаздар, 5 қаламсап, 3 карандаш, түрлі-түсті қарандаш,өшіргіш,сызғыш,бояу краскасы, пластелин)  қамтамасыз етілді. Мектебіміздің ата-анасы Першина Любовь 20000 тг көлемінде 2 оқушыға мектеп формасымен,портфельмен,аяқ- киіммен өз көмегін көрсетті.

орта мектебімізде ұйымдастырылып жатқан Республикалық «Мектепке жол» акциясының аясында көмеккөрсеткен демеушілерге«Текелі тынысы» газетіне мектебіміздің қамқоршылық кеңесі және  әкімшілігі өз алғысын білдірді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қалалық “Сәтсіз жанұя” есебінде тұрған Гельмановтар отбасына (Гельманов Наиль және Гелтманов Максим, Азаров Глеб)  мектебіміздің ата-аналары қайырымдылық көмек көрсетті. Үйге арналған жабдықтар : балаларға арналған жатын төсегі, шифонер, диван, паластар, перделер, орамалдар, төсекке арналған жапқыштармен, балаларға арналған киімдер, велосипед, ойыншықтарменАзық-түліктер: макароны, тауық еті, сәбіз, сарымсақ, сүт, май, қант, конфеттер,печенье және мектепке арналған оқу құрал -жабдықтарымен қамтамасыз етті.Қайырымдылық көмек көрсетілген сомма шамамен алғанда - 80.000 тг құрайды. 

“Мега арзан” дүкені мектебіміздің - 5 оқушысын 75 000 тг көлемінде мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда, жалпы «Мектепке жол» акциясы аясында жетім,ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 50 оқушыға 541 800 теңге көлемінде  көмек көрсетілді.


Республикалық «Мектепке жол» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.