2019-2020 оқу жылы «№3 ОМ МДШО» КММ- сі ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша ақпарат » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылы «№3 ОМ МДШО» КММ- сі ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша ақпарат
21
январь
2020

2019-2020 оқу жылы «№3 ОМ МДШО» КММ- сі ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша ақпарат

2019-2020 оқу жылы «№3 ОМ МДШО» КММ- сі  ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша ақпарат

Мектеп асханасын жалға алушы Гизберхт Наталья Викторовнамен  Текелі қаласының білім бөлімі  10.01.2019 жылы №3 келісімшарт құрылды. Гизберхт Н.В. 2009 жылдан бастап мектеп асханасын жалға алады. Мектеп асханасының аспазшылары Гизберхт А.В., Торгонская С.В., Варахина Т.Д., Кочергина Н.Н.,  3 және 4 -ші санаттағы аспазшылар. Аспазшылардың барлығында куәліктері мен медициналық кітапшалары бар.

Мектеп асханасында   әр жыл сайын екі апталық перспективалық ас мәзірі құрылып, Текелі қалалық денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі. Күнделікті  даяр тағамның сынамасын мектеп медбикесі Л.Вергунова күнделікті тексеріп, бракеражды журнал толтырылады. Қойма бөлмелері  санитарлық жағдайда ұсталып, тағамдарды сақтауда  тауар көршілестігі сақталады.

Мектебімізде ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша бұйрық шығарылып, бұйрық бойынша мектепте оқушылардың тамақтануын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Умирхалыковаға жүктелді. Сонымен қатар  бұйрық бойынша бракеражды комиссия мүшелері бекітіліп, комиссия мүшелері айына екі рет кестеге сәйес тексеріс жүргізеді. Бракеражды комиссия мүшелерінің тексерісі барысында мектеп асханасын жалға алушының қандай мекемелермен сертификаттары бар екендігі де ескеріліп, жазылып алынды. «Текелі ГМЗ» ЖШС сапа туралы куәлігі, «Цесна Астық» өнімдерінің барлық нормаға сәйкестігін растайтын куәліктері, «Фирма Зертхана» ЖШС сараптама актілері ұсынылды. Күнделікті дайындалатын тағамдарға ет жергілікті жерден сатып алынады және жүргізілген сараптамалар (зерттеулер) қорытындылары бар.

Мектебімізде 2019-2020 оқу жылының екінші жартыжылдығына 406 оқушы оқиды. 1-4 сынып оқушыларының саны 232 оқушы, жоғарғы сынып оқушылары 174. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 48 отбасы оның ішінде 72 оқушы тегін тамақтанады. Тегін тамақтанатын оқушылар әлеуметтік жағдайына байланысты жетім, жартылай жетім, қамқорлыққа алынған және аз қамтылған отбасының балалары тамақтанады. Сонымен қатар мектебімізде мектеп асханасын жалға алушы Гизберх Н.В. қолдауымен мектеп асханасын жалға алушы есебінен 30 оқушы тегін тамақтанады. Мектеп асханасындағы үзіліс уақытындағы тыныштық пен тәртіпті сақтауға байланысты мектеп мұғалімдері кестеге сәйкес кезекшілік қызметін атқарады, мектеп әкімшілігінің де бекітілген кезекшілік кестесі бар. 

Мектеп асханасында дұрыс тамақтануды қолдау шарасы аясында әр аптаның бейсенбі күні балықтан жасалған тағамдар ұсынылады. Балықтан дайындалған катлет және әр түрлі тағамдар ұсынылады.