Асхана жұмысына мониторинг жүргізу барысы » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2023

Асхана жұмысына мониторинг жүргізу барысы

Анықтама 

Тексеру мерзімі:Ақпан айы 2023 жыл

Мектеп директорының м.а.-А.Ж.Кабдулова 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Г.Умирхалыкова

Әлеуметтік педагог-А.Бекмуханбетова

Мектеп медбикесі – Л.Вергунова

Кәсіподақ төрайымы -А. Бопауова 

Ата-аналар комитеті мүшесі –Н.Жук

Мақсаты: Мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамту деңгейін көтеру, ұйымдастыру дәрежесін бақылау.

Қыркүйек айынан бастап орта мектебімізде барлық оқушылардың  тамақпен қамтылуына басты назар аударып, тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз  (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді.

Бүгінгі таңда жалпы мектеп асханасынан  ыстық тамақпен тамақтанатын  оқушылар саны  – 497, тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар -119.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша:

Жалпы  асхананың  санитарлық  жағдайы,  аспаздардың  сыртқы  киім  үлгісі,  барлық  санитарлық  талапқа  сай. Уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұрады.

Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған.

Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайндалуы асхананың режиміне сай.

Ас мәзірі асхана бұрышына ілінген, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады.Асханада дайындалған тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар.  

Мектеп асханасында дайын және жартылай дайын өнімдердің сақталуын тексеру барысында өнімдер көршілестігі сақталатындығы анықталды.Тоңазытқыштың тазалығы нормаға сай, әр азық-түлік тоңазытқышта өз орындарына қойылған. Ет өнімдері жеке сақталады.Мектеп асханасында тиым салынған азық-түліктің сақталмайды және тамақ өнімдері,азық-түлік шикізаттарының сертификаттары талаптарға сай..

Оқушыларға ұсынылатын сусындар мен шырындардың өз көлемінде құйылып, берілетіндігі анықталды.1-4 сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тамақтанады. Үзіліске қоңырау басталғанға дейін үстелдер жасаулы тұрады.