Мектеп асханасы » №3 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасы
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі
"№3 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-41-62
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-41-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2023

Мектеп асханасы

24.10.2023 жылы мектеп асханасының ас әзірлеу  блогының  тазалығына, ас әзірлейтін ыдыстарына, тамақтың  сапасына  тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Тексерісбарысында анықталды:

1.Жалпы  асхананың  санитарлық  жағдайы,  аспаздардың  сыртқы  киім  үлгісі,  барлық  санитарлық  талапқа  сай. Уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұрады.

2.Мектеп асханасында дайын және жартылай дайын өнімдердің сақталуын тексеру барысында өнімдер көршілестігі сақталатындығы анықталып, ескерілді.

3.Тоңазытқыштың тазалығы нормаға сай, әр азық-түлік тоңазытқышта өз орындарына қойылған. Ет өнімдері жеке сақталады.

4.Ыдыстар  жеткілікті,  ыдыс  жуатын  бөлме  таза,  әр  ыдыс  орынды  қойылған,  ескі ыдыстарды жаңарту керектігі ескерілді.

5.Тексеріс барысында мектеп асханасында тиым салынған азық-түліктің сақталмайтындығы анықталып,ескертілді.

6.Тамақ өнімдері және азық-түлік шикізаттарының сертификаттары талаптарға сай екені анықталды.

7.Оқушыларға ұсынылатын сусындар мен шырындардың өз көлемінде құйылып, берілетіндігі анықталды.

8.1-4 сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тамақтанады. Үзіліске қоңырау басталғанға дейін үстелдер жасаулы тұрады.

Комиссия мүшелері тамақтың дәмін көріп, сапасы анықталды.

  Осы күнге ұсынылған ас мәзірі:

1. Винегрет

2. Тефтели

3.макаронгарнирі

4. Свитаминімен кисель

5. Алма

6. Нан

Ескертулер мен ұсыныстар:

1.Басмәзір бойынша әзірленетінсамса,сырники,картоптан әзірленген бәліш, орамжапырақтан әзірленген бәліш,тоқаштардыңбағалары жазылып,жария етілсін.

2.Күнделікті азық-түліктің мерзімі, уақытылы жазылсын.

3.Пікірлер,ұсыныстар мен шағымдар дәптері уақытылы толтырылуы қадағалансын.